Жасанды интеллект және деректер ғылымы (MSc)
Денсаулық сақтау, қаржы, қауіпсіздік және тұрақты даму салаларындағы жаһандық мәселелерді шешу үшін жасанды интеллект әдістерін қолдануды үйреніңіз.
Бағдарламаның сипаттамасы
Біздің «Жасанды интеллект және деректер ғылымы» (MSc) магистратура бағдарламасы – екі жылдық, толық емес жұмыс күнімен оқитын конверсиялық бағдарлама. Ол жасанды интеллект пен деректер ғылымының қарқынды дамып келе жатқан салаларында табысты жұмыс істеу үшін қажетті білім, дағдылар мен тәжірибелік дағдыларды қамтамасыз етуге арналған. Бағдарламада олардың нақты әлемдік мәселелерді шешудегі практикалық қолданылуына ерекше көңіл бөлінеді.
Сіз ЖИ-ны әртүрлі салаларда қолдану үшін қажетті техникалық сараптаманы, сыни тұрғыдан бағалай білуді және этикалық түсінікті аласыз. Сіз бағдарламалау, деректермен жұмыс істеу және модельдеу құралдарымен тәжірибелік дағдыларға ие боласыз, сонымен қатар ЖИ-мен байланысты кең мүмкіндіктер мен қиындықтармен (басқару, коммуникация және әлеуметтік әсер ету мәселелерін қоса) танысасыз. Үлкен ғылыми-зерттеу жобасын орындау өзіндік зерттеу дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Сіз ЖИ модельдері мен есептеу әдістерінің берік негізін, сондай-ақ бизнес, мемлекеттік басқару және қоғамдағы күрделі мәселелерді шешу үшін ЖИ мен оның нәтижелерін және деректерге негізделген тәсілдерді сыни тұрғыдан бағалау және қолдану қабілетін дамытасыз.
Сіз маңызды әмбебап дағдыларды, соның ішінде күрделі әдістер мен нәтижелерді әртүрлі аудиторияға (мамандар мен маман еместерге) тиімді жеткізу қабілетін және технологияларды жауапкершілікпен қалай енгізу керектігін түсінуді дамытасыз.
Бағдарлама түлектері ЖИ және деректер ғылымы салаларында жұмысқа орналасуға, өзекті жаһандық мәселелерді шешуге үлес қосуға және ЖИ-ны жауапкершілікпен және тиімді қолдануда көшбасшылық етуге жақсы дайындалған болады.
Оқу ақысы
| Баға | Бағдарламаның басталу күні | |
| Қазақстандық студенттер үшін | 9,000 АҚШ доллары | 2026 жылғы қыркүйек |
| Шетелдік студенттер үшін | 11,000 АҚШ доллары | 2026 жылғы қыркүйек |
Назар аударыңыз, бұл бағдарлама екі жылдық, толық емес жұмыс күнімен оқуға арналған. Оқу ақысы бағдарламаның әр жылы үшін көрсетілген және оқу мерзіміне бекітілген. Төлем жыл сайын жүргізіледі, сонымен қатар оқу жылы ішінде бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Толық ақпаратты «Оқу ақысын төлеу туралы ережеден» қараңыз.
Қабылдау талаптары
Осы екі жылдық, толық емес жұмыс күнімен оқитын магистратура бағдарламасына түсу үшін келесі талаптар қойылады:
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейі IELTS 6.5 (әр компонент бойынша 5.5-ден төмен болмауы қажет), немесе оған балама куәлік (TOEFL немесе Cardiff University ағылшын тілі тесті).
- Ұлыбританияның кез келген мамандық* бойынша бакалавр дипломына балама бола алатын 2:2 деңгейі немесе тиісті кәсіби тәжірибе.
* Біз түрлі білім фоны бар талапкерлердің өтініштерін құптаймыз, егер олар бұрынғы оқу бағдарламасы немесе жұмыс тәжірибесі аясында сандық (quantitative) талдау дағдыларын алған болса. Мысалы, жаратылыстану ғылымдары немесе сандық (quantitative) компоненті бар кез келген курстар.
Жаратылыстану ғылымы саласына жатпайтын дипломдар немесе айқын сандық (quantitative)компоненті жоқ тәжірибе үшін талапкерлер мынаны дәлелдеуі қажет:
- орта мектептің 12 немесе 13-сыныбындағы математика пәні бойынша біліктілігі (мысалы, A‑level) оң бағамен.
Оқыту
Бағдарлама жұмыс істейтін мамандардың қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген. Оқу екі жыл ішінде өткізілетін 8 ұзақ оқу демалыс күндері (жұма, сенбі және жексенбі) форматында жүргізіледі.
Оқу демалыс күндеріндегі дәрістер мен практикалық семинарлардан басқа, студенттер өздігінен жұмыс істейді, курстық тапсырмаларды, топтық жобаларды және басқа да оқу тапсырмаларын орындайды.
Оқытушылар құрамы студенттерге оқу барысында үздіксіз қолдау көрсетеді. Әр студентке жеке ғылыми жетекші тағайындалады, бұл академиялық оқытушы құрамының мүшесі, ол бүкіл оқу курсы бойында жеке қолдау мен академиялық кеңес береді.
Модульдер
Первый этап (40 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Жасанды интеллект негіздері | 10 ECTS |
| Есептеу деректер ғылымы | 10 ECTS |
| Статистика және деректер ғылымы негіздері | 10 ECTS |
| Data Science деректерді визуализациялау | 10 ECTS |
Второй этап (50 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Жасанды интеллект практикада | 10 ECTS |
| Қолданбалы машиналық оқыту | 10 ECTS |
| Жасанды интеллект және деректер ғылымы бойынша диссертация | 30 ECTS |
Өтініш беру
Cardiff University Kazakhstan-да «Жасанды интеллект және деректер ғылымы» (MSc) магистратура бағдарламасына өтінімдер қабылдау жақын арада басталады:
Қабылдау комиссиямыз барлық сұрақтарыңыз бойынша көмек көрсетуге дайын. Өтініміңізді жіберукезінде көмек қажет болса, бізге мына электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз: admissionskz@cardiff.edu.kz