Жасанды интеллект және деректер ғылымы (MSc)

Денсаулық сақтау, қаржы, қауіпсіздік және тұрақты даму салаларындағы жаһандық мәселелерді шешу үшін жасанды интеллект әдістерін қолдануды үйреніңіз.

Жасанды интеллект және деректер ғылымы (MSc) бағдарламасына өтініш беріңіз

Бағдарламаның сипаттамасы

Біздің «Жасанды интеллект және деректер ғылымы» (MSc) магистратура бағдарламасы – екі жылдық, толық емес жұмыс күнімен оқитын конверсиялық бағдарлама. Ол жасанды интеллект пен деректер ғылымының қарқынды дамып келе жатқан салаларында табысты жұмыс істеу үшін қажетті білім, дағдылар мен тәжірибелік дағдыларды қамтамасыз етуге арналған. Бағдарламада олардың нақты әлемдік мәселелерді шешудегі практикалық қолданылуына ерекше көңіл бөлінеді.

Сіз ЖИ-ны әртүрлі салаларда қолдану үшін қажетті техникалық сараптаманы, сыни тұрғыдан бағалай білуді және этикалық түсінікті аласыз. Сіз бағдарламалау, деректермен жұмыс істеу және модельдеу құралдарымен тәжірибелік дағдыларға ие боласыз, сонымен қатар ЖИ-мен байланысты кең мүмкіндіктер мен қиындықтармен (басқару, коммуникация және әлеуметтік әсер ету мәселелерін қоса) танысасыз. Үлкен ғылыми-зерттеу жобасын орындау өзіндік зерттеу дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Сіз ЖИ модельдері мен есептеу әдістерінің берік негізін, сондай-ақ бизнес, мемлекеттік басқару және қоғамдағы күрделі мәселелерді шешу үшін ЖИ мен оның нәтижелерін және деректерге негізделген тәсілдерді сыни тұрғыдан бағалау және қолдану қабілетін дамытасыз.

Сіз маңызды әмбебап дағдыларды, соның ішінде күрделі әдістер мен нәтижелерді әртүрлі аудиторияға (мамандар мен маман еместерге) тиімді жеткізу қабілетін және технологияларды жауапкершілікпен қалай енгізу керектігін түсінуді дамытасыз.

Бағдарлама түлектері ЖИ және деректер ғылымы салаларында жұмысқа орналасуға, өзекті жаһандық мәселелерді шешуге үлес қосуға және ЖИ-ны жауапкершілікпен және тиімді қолдануда көшбасшылық етуге жақсы дайындалған болады.

Оқу ақысы

 БағаБағдарламаның басталу күні
Қазақстандық студенттер үшін9,000 АҚШ доллары2026 жылғы қыркүйек
Шетелдік студенттер үшін11,000 АҚШ доллары2026 жылғы қыркүйек

Назар аударыңыз, бұл бағдарлама екі жылдық, толық емес жұмыс күнімен оқуға арналған. Оқу ақысы бағдарламаның әр жылы үшін көрсетілген және оқу мерзіміне бекітілген. Төлем жыл сайын жүргізіледі, сонымен қатар оқу жылы ішінде бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Толық ақпаратты «Оқу ақысын төлеу туралы ережеден» қараңыз.

Қабылдау талаптары

Осы екі жылдық, толық емес жұмыс күнімен оқитын магистратура бағдарламасына түсу үшін келесі талаптар қойылады:

  • Ағылшын тілін меңгеру деңгейі IELTS 6.5 (әр компонент бойынша 5.5-ден төмен болмауы қажет), немесе оған балама куәлік (TOEFL немесе Cardiff University ағылшын тілі тесті).
  • Ұлыбританияның кез келген мамандық* бойынша бакалавр дипломына балама бола алатын 2:2 деңгейі немесе тиісті кәсіби тәжірибе.

Біз түрлі білім фоны бар талапкерлердің өтініштерін құптаймыз, егер олар бұрынғы оқу бағдарламасы немесе жұмыс тәжірибесі аясында сандық (quantitative) талдау дағдыларын алған болса. Мысалы, жаратылыстану ғылымдары немесе сандық (quantitative) компоненті бар кез келген курстар.

Жаратылыстану ғылымы саласына жатпайтын дипломдар немесе айқын сандық (quantitative)компоненті жоқ тәжірибе үшін талапкерлер мынаны дәлелдеуі қажет:

  • орта мектептің 12 немесе 13-сыныбындағы математика пәні бойынша біліктілігі (мысалы, A‑level) оң бағамен.

Оқыту

Бағдарлама жұмыс істейтін мамандардың қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген. Оқу екі жыл ішінде өткізілетін 8 ұзақ оқу демалыс күндері (жұма, сенбі және жексенбі) форматында жүргізіледі.

Оқу демалыс күндеріндегі дәрістер мен практикалық семинарлардан басқа, студенттер өздігінен жұмыс істейді, курстық тапсырмаларды, топтық жобаларды және басқа да оқу тапсырмаларын орындайды.

Оқытушылар құрамы студенттерге оқу барысында үздіксіз қолдау көрсетеді. Әр студентке жеке ғылыми жетекші тағайындалады, бұл академиялық оқытушы құрамының мүшесі, ол бүкіл оқу курсы бойында жеке қолдау мен академиялық кеңес береді.

Модульдер 

Первый этап (40 ECTS)

Модуль атауыКредиттер
Жасанды интеллект негіздері10 ECTS
Есептеу деректер ғылымы10 ECTS
Статистика және деректер ғылымы негіздері10 ECTS
Data Science деректерді визуализациялау10 ECTS

Второй этап (50 ECTS)

Модуль атауыКредиттер
Жасанды интеллект практикада10 ECTS
Қолданбалы машиналық оқыту10 ECTS
Жасанды интеллект және деректер ғылымы бойынша диссертация 30 ECTS

Өтініш беру

Cardiff University Kazakhstan-да «Жасанды интеллект және деректер ғылымы» (MSc) магистратура бағдарламасына өтінімдер қабылдау жақын арада басталады:

Жасанды интеллект және деректер ғылымы (MSc) бағдарламасына өтініш беріңіз

Қабылдау комиссиямыз барлық сұрақтарыңыз бойынша көмек көрсетуге дайын. Өтініміңізді жіберукезінде көмек қажет болса, бізге мына электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз: admissionskz@cardiff.edu.kz