ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
17 шілде 2026 жыл
Осы оқу ақысын төлеу туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Cardiff University Kazakhstan оқу орнында оқу ақысын есептеу, енгізу, қайта есептеу және өндіріп алу тәртібін біріздендіру мақсатында әзірленді. Ереже студенттердің төлемдерге қатысты мәртебесін, жеңілдіктер беру тәртібін айқындайды, сондай-ақ Университеттің, студенттердің және демеушілердің қаржылық міндеттемелерді орындаудағы құқықтары мен міндеттерін реттейді.
Cardiff University Kazakhstan (бұдан әрі – Университет) студенттер төлеуге міндетті төлемдерге қатысты әділ және ашық саясатты ұстанады. Оқу ақысын төлеу туралы осы Ереже Университеттің шарттары мен ережелерінің ажырамас бөлігі болып табылады және оқу ақысын төлеу мен өндіріп алу тәртібін белгілейді.
Оқу ақысын төлеу бойынша жауапкершілік студенттің өзіне жүктеледі. Егер студент демеушінің (мысалы, мемлекеттік грант) есебінен оқитын болса, төлем тікелей демеушіден алынады. Демеуші төлемді жүргізбеген жағдайда, оны төлеу үшін студент жеке жауап береді.
Оқу ақысына білім беру бағдарламасы бойынша оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін студенттерге қажетті барлық міндетті элементтер кіреді. Кейбір бағдарламаларда қосымша шығындар (мысалы, оқу сапарлары, материалдар) туындауы мүмкін.
1. Төлем мәртебесі
Студенттің төлем мәртебесі университетке өтініш беру барысында ұсынылған ақпарат негізінде айқындалады. Екі мәртебе көзделген:
- Қазақстан Республикасының азаматтары;
- Халықаралық студенттер (Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын студенттер).
2. Оқу ақысын жыл сайын қайта қарау
Университеттің ресми сайтында жарияланған оқу ақысы тиісті қабылдау жылына қолданылады. Университет Қазақстандағы инфляция деңгейіне және теңге мен АҚШ доллары арасындағы айырбас бағамына сәйкес, бағдарламаның екінші және кейінгі оқу жылдарында оқу ақысын арттырады.
3. Студенттердің оқу ақысын төлеуі
Оқу ақысы келесі тәртіпте төленеді:
- Қазақстан Республикасының азаматтары оқу ақысын теңгемен төлейді (АҚШ долларынан теңгеге қайта есептеу бағамы жыл сайын белгіленеді);
- Халықаралық студенттер оқу ақысын АҚШ долларымен төлейді.
Оқудың ақысына төлем жасаудың негізгі тәсілі – банктік аударым. Университет қолма-қол ақшамен төлем қабылдамайды.
Студенттер оқу ақысын төмендегі тәсілдермен төлей алады:
- Толық төлем – тіркелуге дейін немесе тіркелу кезінде. Алдын ала толық төлем жасаған студенттерге 1-қосымшада көрсетілген жеңілдік беріледі.
- Тікелей шегеру арқылы үш кезеңмен төлеу, тіркеу кезінде студентке хабарланған мерзімдерде:
- 1-ші төлем: 34% (тіркелген күннен бастап 14 күн ішінде);
- 2-ші төлем: 33% (30 қарашаға дейін);
- 3-ші төлем: 33% (28 ақпанға дейін).
4. Демеушілер есебінен оқитын студенттер
Студенттер тіркелу барысында демеушілік қолдауды растайтын құжатты ұсынуы тиіс.
Демеуші оқу ақысын шот берілген күннен бастап 30 күн ішінде немесе демеушімен келісілген мерзімде төлеуге міндетті. Егер демеуші оқу ақысын уақытылы төлемесе, студент толық төлем жасауға жеке өзі жауапты болады.
5. Оқу ақысын кешіктіру немесе төлемеу
Егер оқу ақысы белгіленген мерзімде төленбесе, студент төлем жасамау себебін университетке хабарлауға міндетті. Университет қажет болған жағдайда төлем кестесін қайта қарастыруы мүмкін.
Оқу ақысын төлемеген жағдайда студенттің университеттегі тіркелуі тоқтатылуы мүмкін. Университет тіркеуді тоқтату ниеті туралы студентті алдын ала хабардар етеді.
Егер оқу жылының соңында студенттің қарызы сақталса, келесі оқу жылына тіркелуге рұқсат берілмеуі мүмкін.
Бағдарлама соңында студенттің қарызы болған жағдайда, ол қарыз толық өтелгенше диплом мен үлгерім туралы транскрипт берілмейді.
6. Оқуды тоқтату / Университеттен шығу
Егер студент оқу басталған алғашқы екі апта ішінде оқуды тоқтатса, ол оқу ақысын төлеу бойынша жауапты болмайды.
Егер студент оқуды тоқтатса немесе университеттегі тіркеуді жойса, оқу жылы үшін төленетін сома студент нақты оқыған апта санына пропорционалды түрде есептеледі.
Егер студент академиялық демалыстан оқу жылының ортасында оралса, төлем осы жылы қалған оқу апталарына пропорционалды түрде есептеледі.
7. Жеңілдіктер
TУниверситет осы Ереженің аясында студенттерге әртүрлі жеңілдіктер (артықшылықтар) ұсынады. Тағайындалған кез келген жеңілдік оқу кезеңінің бүкіл мерзімінде қолданылады.
Жеңілдіктер Университеттің құрылтайшылық және ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген тәртіпке сәйкес беріледі.
Осы Ереженің қаржылық шарттары — оқу ақысының мөлшері мен оны қайта қарау тәртібі, жеңілдіктер мен стипендиялардың мөлшері мен тізбесі, бюджеттік лимиттер және қосымша қаржылық ынталандырулар — Университет Басқармасымен қаралып, Жарғыға сәйкес Университет қатысушыларының жалпы жиналысының бекітуіне ұсынылады. Осы Ережені жүзеге асырудың оперативтік мәселелері (критерийлер мен растайтын құжаттар тізбесін айқындау, мониторинг, жеке апелляцияларды қарау) Басқарманың құзыретіне жатады.
Студенттерге жеңілдіктің берілгені туралы жазбаша түрде, қабылдау ұсынысының бір бөлігі ретінде хабарланады.
Жеңілдік тек оқу ақысына ғана қолданылады.
Тұру және өзге де оқу шығындары студенттердің өз қаражаты есебінен төленеді.
Барлық студенттерге арналған жеңілдіктер 1-қосымшада көрсетілген және Университет Басқармасының ұсынысы бойынша өзгертіледі әрі ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының бекітуіне ұсынылады.
Жеңілдіктер кемінде жылына бір рет қайта қаралып, Университеттің ресми сайтында жарияланады.
Жеңілдіктер мен стипендиялар келесі негіздер бойынша берілуі мүмкін:
- академиялық жетістіктер;
- білім алуға қолжетімділікті кеңейту (widening participation);
- Университет айқындайтын өзге де стратегиялық басымдықтар.
Университет еңбегі үшін стипендияларды (merit-based), оның ішінде Ректор стипендияларын (Provost), мынадай салаларда үздік жетістіктер көрсеткен талапкерлерге тағайындай алады:
- республикалық және халықаралық олимпиадалар;
- ғылыми-зерттеу қызметі;
- спорттық жетістіктер;
- көшбасшылық, шығармашылық немесе өзге де ерекше жетістіктер.
Іріктеу критерийлері, тағайындалатын стипендиялар саны және растайтын құжаттарға қойылатын талаптар Университет Басқармасымен жыл сайын айқындалады; стипендиялардың мөлшері мен ұзақтығы, сондай-ақ онымен байланысты қаржылық параметрлер Басқарманың ұсынысы бойынша ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысымен бекітіледі.
Егер стипендия тағайындау туралы хатта өзгеше көрсетілмесе, еңбегі үшін стипендияны немесе Ректор стипендиясын келесі оқу жылдарында жалғастыру студенттің мынадай шарттарды орындауына байланысты болады:
- оқудың келесі кезеңіне сәтті өтуі;
- Университет белгілеген ең төменгі жиынтық Орташа балл көрсеткішін сақтауы;
- жақсы академиялық және тәртіптік беделін сақтауы;
- Университеттің оқу ақысын төлеу талаптарын орындауы.
Көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда Университет стипендияны тоқтата тұруға, азайтуға немесе кері қайтарып алуға құқылы.
7A. Ерте қабылдау жеңілдігі (Acceptance Discount)
Жеңілдік 2026/27 оқу жылынан бастап енгізіледі.
7A.1 Қолдану аясы
Жеңілдік мыналарға қолжетімді:
- ақылы негізде оқитын барлық бакалавриат талапкерлеріне (Foundation және 1-курсқа қабылдану);
- Cardiff University Kazakhstan-нан шартты немесе шартсыз қабылдау ұсыныстары бар талапкерлерге;
- бастапқыда мемлекеттік грантқа қаралған, бірақ кейіннен ақылы оқу нысанын таңдаған талапкерлерге.
Мемлекеттік стипендия/грант ала алмаған талапкерлер де оқу ақысының 10%-ы мөлшерінде уақытылы төлеу жеңілдігіне (prompt payment) құқылы болуы мүмкін, бұл үшін олар ақылы оқу ұсынысын қабылдағанын растап, қажетті оқу ақысын грант нәтижелері туралы хабарлама алынған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде төлеуі тиіс. Бұл жеңілдіктің нақты шарттары, іріктеу критерийлері мен төлеу мерзімдері Cardiff University Kazakhstan тарапынан жыл сайын айқындалып, хабарлануы мүмкін.
7A.2 Жеңілдікті алу талаптары
Жеңілдікті алу үшін талапкер:
- 2026 жылғы 31 шілдеге дейін оқуға өтініш беру;
- оқуға қабылдау туралы ұсынысты 14 күнтізбелік күн ішінде қабылдау:
(1) осы жеңілдік жарияланған күннен бастап — егер талапкерге оқуға қабылдау туралы ұсыныс бұған дейін жіберілген болса; немесе (2) оқуға қабылдау туралы ұсынысты алған күннен бастап — қалған барлық талапкерлер үшін;
- Студенттік келісімге қол қою; және
- Студенттік келісімнің талаптарына сәйкес оқу ақысының алғашқы төлемін жүзеге асыру.
7A.3 Жеңілдіктің құрылымы
Жеңілдік мөлшері жылдық оқу ақысының 10%-ын құрайды.
Жеңілдік студент оқуын жалғастырған және Университеттің академиялық үлгерім мен оқу ақысын төлеу талаптарын орындаған жағдайда бағдарламаның стандартты ұзақтығына қолданылады.
7A.4 Жеңілдікті жалғастыру
Егер ерте қабылдау жеңілдігі бағдарламаның стандартты ұзақтығына берілсе, оны келесі оқу жылдарында жалғастыру студенттің мынадай шарттарды орындауына байланысты болады:
- оқудың келесі кезеңіне сәтті өтуі;
- Университет белгілеген ең төменгі жиынтық Орташа балл көрсеткішін сақтауы;
- жақсы академиялық және тәртіптік беделін сақтауы;
- оқу ақысын төлеу мерзімдерін және кез келген бекітілген бөліп төлеу келісімдерін сақтауы.
Университет студент мынадай жағдайларда жеңілдікті тоқтата тұруға, азайтуға немесе кері қайтарып алуға құқылы:
- талап етілетін академиялық үлгерім стандарттарына сай келмесе;
- ең төменгі Орташа балл талабынан төмен түссе;
- тәртіптік жазаға немесе академиялық тәртіп бұзу бойынша іс қарауға тартылса;
- келісілген оқу ақысын төлеу шарттарын орындамаса.
Жеңілдікті кері қайтарып алу туралы кез келген шешім студентке жазбаша түрде хабарланады.
7A.5 Қаржылық ережелер
The Жеңілдік тек оқу ақысын қамтиды. Тұру, әкімшілік алымдар және қосымша қызметтер кірмейді.
Қаржы бөлімі:
- жеңілдікті қолданбас бұрын төлемнің түскенін тексеруге;
- жеңілдік алған барлық талапкерлердің орталықтандырылған тізілімін жүргізуге;
- ішкі бюджеттік шектеулер мен есептілік талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Алушылар санына шектеу жоқ. 7A.3-бөлімнің критерийлеріне сәйкес келетін әрбір талапкер жеңілдік алады.
7A.6 Құқықтық ережелер
Жеңілдік әрбір талаптарға сай талапкер үшін қабылдау хатында (Offer Letter) және/немесе Қабылдау шарттарында көрсетілуі тиіс.
Университет жеңілдікті кез келген уақытта өзгерте немесе жоя алады. Барлық операциялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуы тиіс.
7A.7 Қаражатты қайтару ережелері
Үш жағдай қарастырылады:
- Қабылдау шарттарын орындамау: егер талапкер төлем жасап, жеңілдік қолданылса, бірақ кейіннен ол ұсыныс шарттарын орындамаса (мысалы, қажетті біліктілікті алмаса), төленген сома толық қайтарылып, жеңілдік жойылады.
- Оқуға қабылданғанға дейін мемлекеттік грант алу: егер талапкер төлем жасағаннан кейін, бірақ оқу жылы басталғанға дейін оқу ақысын жабатын мемлекеттік грант алса, төленген сома толық қайтарылып, жеңілдік жойылады. Грант оқу ақысын толық жапқан жағдайда талапкердің орны сақталуы мүмкін.
- Оқу жылы басталғаннан кейін мемлекеттік грант алу: егер студент оқу басталғаннан кейін мемлекеттік грант алса, ерте қабылдау жеңілдігі сақталады. Грант пен қалған берешек Университеттің стандартты қаржылық рәсімдеріне сәйкес өңделеді.
Барлық қайтарымдар Университеттің стандартты қайтару рәсіміне және қолданыстағы ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
7A.8 Іс-қимыл тәртібі
- Ұсыныс кезеңі: Қабылдау бөлімі талаптарға сай талапкерлерді қабылдау хатында жеңілдік туралы хабардар етеді.
- Қабылдау: Талапкер ұсынысты ресми түрде қабылдайды.
- Ұсынысты қабылдау, шартқа қол қою және төлем жасау: талапкер ұсынысты алған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде қабылдайды, Student Agreement-ке қол қояды және Student Agreement талаптарына сәйкес оқу ақысының алғашқы төлемін жүргізеді. Егер талапкер оқу ақысын бөліп төлеуді таңдаса, жеңілдік келісілген төлем кестесіне сәйкес барлық төлемдер уақтылы жүргізілген жағдайда әрбір оқу жылының оқу ақысына қолданылады.
- Тексеру: Қаржы бөлімі төлемнің түскенін растап, жеңілдікті қолданады.
- Растау: Қабылдау бөлімі қабылдау мәртебесін жаңартады.
7A.9 Мониторинг және қайта қарау
Қабылдау бөлімі мен Қаржы бөлімі әрбір циклда қамтуды, конверсия көрсеткіштерін және қаржылық әсерді бірлесіп қадағалап, әрбір қабылдау раундынан кейін бағалау есебін ұсынады. 7А-бөлім Басқарманың ұсынысы бойынша Университетте жыл сайын қайта қаралып, Қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен бекітіледі.
7A.10 Дауларды шешу және шағымдану
AnЕрте қабылдау жеңілдігін беру, беруден бас тарту немесе оның күшін жою туралы шешіммен келіспейтін талапкер немесе студент тиісті хабарламаны алған күннен бастап он (10) жұмыс күні ішінде жазбаша апелляция беруге құқылы.
- Апелляция Университетке оны негіздейтін құжаттармен және өзге де дәлелдемелермен бірге ұсынылады.
- Қаржы бөлімі ұсынылған құжаттарды тексеріп, негізделген қорытынды дайындайды және апелляция материалдарын Университеттің Басқармасының қарауына жолдайды.
- Басқарма апелляцияны толық материалдар келіп түскен күннен бастап он (10) жұмыс күні ішінде қарап, негізделген шешім қабылдайды.
- Басқарманың шешімі талапкерге немесе студентке жазбаша түрде хабарланады және Университеттің ішкі рәсімдері шеңберінде түпкілікті болып табылады.
Апелляцияны адал ниетпен беру талапкерге немесе студентке қатысты қандай да бір қолайсыз шараларды қолдануға негіз бола алмайды.
Қосымша 1
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, ақылы бағдарламаларға қабылданған жағдайда жеңілдіктерді бөлу жүйесі
Төртжылдық бакалавриат бағдарламалары:
| № | Жеңілдіктер ұсынылатын студенттер санаты* | Жеңілдік мөлшері | Қолданылу мерзімі / Шарттар |
| 1 | Екі ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының бірінің қамқорлығынсыз қалған студенттер | Оқу ақысының 10%-ы | Студент Университетте оқуын жалғастырған және жеңілдік беру критерийлеріне сай болған кезде қолданылады. |
| 2 | Мүгедектігі бар студенттер (I, IIнемесе III топ) | Оқу ақысының 10%-ы | Студент Университетте оқуын жалғастырған және жеңілдік беру критерийлеріне сай болған кезде қолданылады. |
| 3 | Отбасында Университетте оқитын бірден көп баласы бар студенттер | Оқу ақысының 5%-ы | Студент Университетте оқуын жалғастырған және жеңілдік беру критерийлеріне сай болған кезде қолданылады. |
| 4 | Еңбегі үшін стипендиялар (Merit-Based) — республикалық немесе халықаралық олимпиадаларда, ғылыми зерттеулерде, көшбасшылықта немесе спортта үздік жетістіктер көрсеткен талапкерлер. | Оқу ақысының 15%-ы | Бағдарламаның стандартты ұзақтығында, академиялық үлгерім сәтті болған және Университет ережелері сақталған жағдайда қолданылады. |
| 5 | Ректор стипендиялары (Provost) — еңбегі үшін берілетін ең жоғары стипендия, тек жетістіктері айрықша және Университет үшін стратегиялық маңызы бар ерекше талапкерлерге беріледі. | Оқу ақысының 30%-ы | Бағдарламаның стандартты ұзақтығында, академиялық үлгерім сәтті болған және Университет ережелері сақталған жағдайда қолданылады. |
| 6 | Ерте қабылдау жеңілдігі (EarlyAcceptance) — ақылы негізде оқуға түсетін және:өтінішін 2026 жылғы 31 шілдеден кешіктірмей берген; ұсынысты алған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде қабылдаған; Student Agreement-ке қол қойған; Student Agreement талаптарына сәйкес алғашқы оқу ақысы төлемін жасаған талапкерлерге беріледі. Жеңілдік бағдарламаның стандартты ұзақтығына қолданылады және Университет бекіткен бөліп төлеу тәртібімен бірге қолданылуы мүмкін. | Оқу ақысының 10%-ы | Бағдарламаның стандартты ұзақтығында, академиялық үлгерім сәтті болған және Университет ережелері сақталған жағдайда қолданылады. |
| 7 | Уақытылы төлеу жеңілдігі (PromptPayment) — мемлекеттік грант ала алмаған, ақылы оқу ұсынысын растаған және грант туралы хабарламадан кейін 14 күнтізбелік күн ішінде төлеген талапкерлер (7A.2-бөлімді қараңыз). | Оқу ақысының 10%-ы | Бағдарламаның стандартты ұзақтығында, академиялық үлгерім сәтті болған және Университет ережелері сақталған жағдайда қолданылады. |
Ескертпелер:
- Егер оқу ақысы толық алдын ала төленсе (жылдық соманың 100%-ы немесе бүкіл келісімшарт сомасы), қосымша 5% жеңілдік беріледі.
- Студенттер жеңілдік алуға құқықтарын растайтын тиісті құжаттарды Университеттің ішкі ережелеріне сәйкес ұсынуға міндетті.
Университет осы ставкаларды болашақ қабылдау циклдары үшін Басқарманың ұсынысы бойынша және ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының бекітуімен қайта қарай алады.
РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР:
1-санат: Ата-анасының екеуінен де айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер.
Төмендегі құжаттардың бірі ұсынылады:
- Ата-анасының (немесе біреуінің) қайтыс болғаны туралы куәлік;
- Соттың шешімі:
- ата-аналық құқықтан айыру туралы;
- ата-ананы әрекетке қабілетсіз деп тану туралы;
- хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы;
- қайтыс болды деп тану туралы;
- Уәкілетті органның (мысалы, қорғаншылық және қамқоршылық органы) ата-анасының жоқ екенін растайтын анықтамасы.
2-санат: Мүгедектігі бар студенттер (I, II немесе III топ)
- Уәкілетті мемлекеттік орган берген белгіленген үлгідегі мүгедектік туралы анықтама.
- Анықтаманың қолданылу мерзімі немесе қайта куәландыру күні (құжаттарды тапсыру кезінде өзекті болуы тиіс).
3-санат: Бір отбасынан Университетте оқитын екі немесе одан да көп бала
- Балалардың туу туралы куәліктері.
Егертегі әртүрлі болса:
- Ата-анасының неке туралы куәлігі.
4-санат: Еңбегі үшін стипендиялар (Merit) және Ректор стипендиялары (Provost) — республикалық немесе халықаралық олимпиадаларда, ғылыми зерттеулерде, көшбасшылықта немесе спортта үздік жетістіктер көрсеткен талапкерлер.
Растайтын құжаттар Университетпен жыл сайын айқындалады (мысалы, олимпиада дипломдары/грамоталары, ғылыми, спорттық немесе көшбасшылық жетістіктерді растайтын құжаттар).
5-санат: Ерте қабылдау жеңілдігі (Early Acceptance Discount).
Төмендегілер ұсынылуы тиіс:
- Cardiff University Kazakhstan-нан ресми қабылдау хаты.
- Ұсынысты қабылдағаны туралы жазбаша немесе электрондық растама.
- Қол қойылған білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт
- Білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт талаптарына сәйкес оқу ақысының алғашқы төлемі жасалғанын растайтын банк құжаты;
- қажет болған жағдайда талапкердің ақылы негізде оқуға түсетінін растайтын құжат.
6-санат: Уақытылы төлеу жеңілдігі (Prompt Payment Discount).
Төмендегілер ұсынылуы тиіс:
- Талапкердің мемлекеттік стипендия/грант ала алмағанын растайтын тиісті мемлекеттік органның жазбаша хабарламасы.
- Cardiff University Kazakhstan-нан ақылы оқу ұсынысын қабылдағаны туралы жазбаша растама.
- Төлемнің грант туралы хабарлама күнінен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде түскенін растайтын банктік аударым растамасы.
- Талапкердің оқу ақысын жабатын өзге стипендия немесе жеңілдік алмайтынын растайтын өзіндік декларация.