BSc Business Management (Бизнесті басқару)
Бұл бағдарлама әртүрлі ұйымдарға, соның ішінде көпұлтты корпорациялардан бастап әлеуметтік кәсіпорындар мен қайырымдылық ұйымдарына дейін назар аударады.
Бағдарламаның сипаттамасы
Ұйымдар халықаралық бизнес нарығының күннен-күнге қаныға түсуіне байланысты үнемі өздерін қайта жаңартып, жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіріп отыруы қажет. Бұл теорияны практикамен ұштастыра алатын және заманауи бизнес ортада тәжірибесі бар түлектерге деген сұранысты арттырады.
Бұл курс көпұлтты корпорациялардан бастап әлеуметтік кәсіпорындар мен қайырымдылық ұйымдарына дейінгі әртүрлі ұйымдарға бағытталған. Мұндай кешенді көзқарас студенттердің түрлі саладағы бизнестің өзгермелі талаптарына бейімделу қабілетін дамытады.
Студенттер басқару саласындағы терең білімді халықаралық зерттеушілер мен тәжірибелі бизнес мамандарынан алады. Бағдарлама аясында олар бухгалтерлік есеп, цифрлық технологиялар, маркетинг, кадрлар мен еңбек қатынастары, менеджмент және экономика сияқты пәндермен танысады. Бұл дайындық студенттерге қазіргі заманғы бизнес пен қоғамдағы даму мен қиындықтарға тиімді жауап беруге қажетті дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ табысты мансап құруға немесе магистратура мен ғылыми зерттеулерге жол ашады.
Оқу ақысы
| Баға | Бағдарлама басталу күні | |
|---|---|---|
| Қазақстандық студенттер үшін ақы | 16,000 АҚШ доллары жылына | 2026 жылғы қыркүйек |
| Халықаралық студенттер үшін ақы | 18,000 АҚШ доллары жылына | 2026 жылғы қыркүйек |
Қабылдау талаптары
Үш жылдық бакалавриат бағдарламасына түсу үшін талап етіледі:
- A-level: BBB бағалары
- GCSE математикасы: B/6 бағасы
- ағылшын тілін меңгергеніңізді растайтын халықаралық сертификат ұсыну: IELTS тестінен жалпы балл кемінде 6.5, әр компонент бойынша 5.5-ден төмен болмауы қажет, немесе TOEFL сияқты баламалы халықаралық сертификат немесе Кардифф Университеттегі ағылшын тілінен тест.
Көрсетілген талаптар Ұлыбританияның GCSE және A-level жүйесіне негізделгеню Осы деңгейге теңестірілгенбаламалы біліктіліктер де қарастырылады.
Модульдер
Бірінші курс (60 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Қоғам мен экономиканың тұрақты дамуы | 10 ECTS |
| Маркетинг қағидаттары | 10 ECTS |
| Менеджмент: теория және дәлелдер | 10 ECTS |
| Ұйымдардағы адамдар | 10 ECTS |
| Бизнестегі бухгалтерлік есепке кіріспе | 10 ECTS |
| Цифрлық операцияларды басқару | 10 ECTS |
Екінші курс (60 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Заманауи ұйымдардағы адамдарды басқару | 10 ECTS |
| Маркетинг және стратегия | 10 ECTS |
| Операциялық үздіктік | 10 ECTS |
| Іскерлік бухгалтерлік есеп және қаржылық менеджмент | 10 ECTS |
| Менеджмент пен көшбасшылықтағы жаңашыл тәсілдер | 10 ECTS |
| Халықаралық менеджмент | 10 ECTS |
Үшінші курс (60 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Стратегиялық менеджмент | 10 ECTS |
| Қазіргі заманғы менеджерлерге арналған сыни көзқарастар | 10 ECTS |
| Заманауи жеткізу тізбегін басқару | 10 ECTS |
| Ауқымды сын-қатерлер | 10 ECTS |
| Халықаралық бизнестегі жаһандық сын-қатерлер | 10 ECTS |
| Жаһандық тұрақтылық мүддесіндегі басқару | 10 ECTS |
Қабылдау комиссиямыз барлық сұрақтарыңыз бойынша көмек көрсетуге дайын. Өтініміңізді жіберукезінде көмек қажет болса, бізге мына электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз: admissionskz@cardiff.edu.kz.