Экономика және бизнес (BSc)
Бизнес пен экономикалық ойлауды біріктіруді үйреніңіз. Осы арқылы ұйымдардың, нарықтардың және мемлекеттік саясаттың ұлттық және жаһандық деңгейде қабылданатын шешімдерге қалай әсер ететінін зерттейсіз.
Бағдарламаның сипаттамасы
«Экономика және бизнес» (BSc) бакалавриат бағдарламасы бизнестің және басқа да ірі ұйымдардың қалай жұмыс істейтінін және олардың құрылымының негізінде жатқан себептерді түсінгісі келетін студенттерге арналған.
Сіз экономика мен бизнесті тең дәрежеде оқи отырып, экономикалық теория, сандық талдау және дәлелді пайымдау саласында берік дайындық аласыз, сонымен қатар тиімді бизнес-менеджмент үшін қажетті стратегиялық, аналитикалық және шығармашылық дағдыларды меңгересіз.
Үш жылдық оқу барысында сіз эконометрика, деректерді талдау, нарықтық процестерді түсіну және шешім қабылдауды қолдау үшін математика мен статистиканы қолдану сияқты экономистің негізгі құзыреттерін дамытасыз. Сонымен қатар ұйымдарда шешім қабылдаудың практикалық аспектілерімен танысып, стратегия, маркетинг, операциялық қызмет, адам және материалдық ресурстарды басқару туралы түсінік қалыптастырасыз. Осы кіріктірілген тәсілдің арқасында сіз экономикалық механизмдердің, мемлекеттік саясаттың және институционалдық жағдайлардың ұйымдардың мінез-құлқы мен қызмет нәтижелеріне қалай әсер ететінін түсінесіз.
Бағдарлама бойы сізді аналитикалық және шығармашылық ойлауға, бәсекелес идеялар мен деректерді бағалауға, күрделі бизнес мәселелеріне негізделген шешімдер әзірлеуге ынталандырады. Сондай-ақ сіз бизнес-шешімдердің этикалық, экологиялық аспектілері мен тұрақты даму мәселелерін зерделей отырып, ұйымдардың тиімділік, жауапкершілік және ұзақ мерзімді әсер арасындағы теңгерімдерін түсінесіз.
Сізге күшті кәсіби және әмбебап дағдыларды қалыптастыруға қолдау көрсетіледі. Өзіңізбен және топпен жұмыс істеуді, шешім қабылдауды негіздеу үшін цифрлық құралдар мен деректерді пайдалануды үйренесіз, ал бағдарламаны аяқтағаннан кейін өзгермелі экономикалық ортада ұйымдар мен қоғамның дамуына сенімді үлес қосуға дайын боласыз.
Оқу ақысы
| Баға | Бағдарламаның басталу күні | |
|---|---|---|
| Қазақстандық студенттер үшін | 16,000 АҚШ доллары жылына | 2026 жылғы қыркүйек |
| Шетелдік студенттер үшін | 18,000 АҚШ доллары жылына | 2026 жылғы қыркүйек |
Қабылдау талаптары
Үш жылдық бакалавриат бағдарламасына түсу үшін келесі талаптар қойылады:
- A‑Level нәтижелері: BBB, оның ішінде математика пәні бойынша баға B немесе одан жоғары болуы тиіс;
- ағылшын тілін меңгеру деңгейі IELTS 6.5 (әр секция бойынша 5.5-тен болмауы қажет), немесе оған балама куәлік (TOEFL немесе Cardiff University ағылшын тілі тесті).
Жоғарыда келтірілген академиялық біліктіліктер Ұлыбританияның A‑Level жүйесіне сәйкес келеді, алайда осы деңгейдегі баламалы біліктіліктер де қарастырылады.
Модульдер
1-курс (60 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Басқару теориясы және эмпирикалық зерттеулер | 10 ECTS |
| Экономистерге арналған математика және статистика | 10 ECTS |
| Ұйымдардағы адамдардың іс-әрекеті | 10 ECTS |
| Тұрақты қоғам және экономика | 10 ECTS |
| Микроэкономика | 10 ECTS |
| Макроэкономика | 10 ECTS |
2-курс (60 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Эконометрика теориясы және практикалық қолданылуы | 10 ECTS |
| Макроэкономика теориясы және практикалық қолданылуы | 10 ECTS |
| Заманауи ұйымдарда адамдарды басқару | 10 ECTS |
| Маркетинг және стратегия | 10 ECTS |
| Микроэкономика теориясы және практикалық қолданылуы | 10 ECTS |
| Операциялық қызметті жетілдіру | 10 ECTS |
3-курс (60 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Экономика және бизнесті басқару жобасы | 10 ECTS |
| Даму экономикасы | 10 ECTS |
| Халықаралық экономика | 10 ECTS |
| Еңбек экономикасы | 10 ECTS |
| Стратегиялық менеджмент | 10 ECTS |
Өтініш беру
Cardiff University Kazakhstan Экономика және бизнес (BSc) бағдарламасына өтініш беріңіз:
Қабылдау комиссиямыз барлық сұрақтарыңыз бойынша көмек көрсетуге дайын. Өтініміңізді жіберукезінде көмек қажет болса, бізге мына электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз: admissionskz@cardiff.edu.kz