Бізбен бірге оқыңыз

Мемлекеттік грант

Біз жыл сайын университетімізге дарынды студенттерді қабылдауға қуаныштымыз.

Мемлекеттік грант конкурсына Foundation дайындық жылы бар 4 жылдық бағдарламаларға түсетін Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Өтінім берудің соңғы күні — 2027 жылғы 15 қаңтар.

Конкурсқа қатысу үшін:

  • академиялық және ағылшын тілі бойынша талаптарға сай болу;
  • Cardiff University Kazakhstan қабылдау тестін тапсыру;
  • ҰБТ-дан кемінде 80 балл жинау қажет.

Грант конкурсында талапкерлер университеттің қабылдау тестінен жинаған балдары бойынша іріктеледі. ҰБТ нәтижесі конкурсқа қатысу талаптарына сәйкестікті растау үшін тексеріледі. Гранттар конкурстық негізде, бөлінген орындар санына қарай беріледі.

Грант конкурсына қатысу кезеңдері

    1. Өтінім беріңіз

    2027 жылғы 15 қаңтарға дейін өтінім толтырып, 10-сыныптың қорытынды бағаларын, 11-сыныптың қолда бар бағаларын және ағылшын тілі сертификатын, егер дайын болса, жүктеңіз.

    2. Университеттің жауабын алыңыз

    Құжаттарыңыз тексерілгеннен кейін, талаптарға сай болсаңыз, университет сізге қабылдау туралы ұсыныс хат жібереді. Қосымша құжаттар немесе тест нәтижелері қажет болса, олар хатта көрсетіледі.

    Назар аударыңыз: қабылдау туралы ұсыныс хат мемлекеттік грант берілгенін білдірмейді.

    3. Университеттің қабылдау тестін тапсырыңыз

    Тестке тіркелу тәртібі, өтетін күні мен орны туралы ақпарат бөлек жарияланады.

    4. Грант конкурсына қатысыңыз

    Қабылдау тестінің нәтижелері мен жарияланған іріктеу талаптары бойынша талапкерлердің рейтингі жасалады.

    5. ҰБТ нәтижесін ұсыныңыз

    ҰБТ-дан кемінде 80 балл жинау қажет. Қаңтар, наурыз айларында және 2027 жылғы 25 маусымға дейін өткізілген басқа ҰБТ сессияларының нәтижелері қабылданады.

    6. Грант конкурсының қорытындысын алыңыз

    Грант беру туралы түпкілікті шешім рейтингтегі орныңызға, барлық талаптарды орындауыңызға және бөлінген гранттар санына байланысты қабылданады.

Бізбен хабарласыңы

Қандай да бір сұрақтарыңыз болса немесе өтініш беру кезінде көмек қажет болса, біздің Қабылдау бөлімі сізге көмектесуге дайын.