BSc Business Management (Бизнесті басқару)
Бұл бағдарлама әртүрлі ұйымдарға, соның ішінде көпұлтты корпорациялардан бастап әлеуметтік кәсіпорындар мен қайырымдылық ұйымдарына дейін назар аударады.
Бағдарламаның сипаттамасы
Ұйымдар халықаралық бизнес нарығының күннен-күнге қаныға түсуіне байланысты үнемі өздерін қайта жаңартып, жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіріп отыруы қажет. Бұл теорияны практикамен ұштастыра алатын және заманауи бизнес ортада тәжірибесі бар түлектерге деген сұранысты арттырады.
Бұл курс көпұлтты корпорациялардан бастап әлеуметтік кәсіпорындар мен қайырымдылық ұйымдарына дейінгі әртүрлі ұйымдарға бағытталған. Мұндай кешенді көзқарас студенттердің түрлі саладағы бизнестің өзгермелі талаптарына бейімделу қабілетін дамытады.
Студенттер басқару саласындағы терең білімді халықаралық зерттеушілер мен тәжірибелі бизнес мамандарынан алады. Бағдарлама аясында олар бухгалтерлік есеп, цифрлық технологиялар, маркетинг, кадрлар мен еңбек қатынастары, менеджмент және экономика сияқты пәндермен танысады. Бұл дайындық студенттерге қазіргі заманғы бизнес пен қоғамдағы даму мен қиындықтарға тиімді жауап беруге қажетті дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ табысты мансап құруға немесе магистратура мен ғылыми зерттеулерге жол ашады.
Оқу ақысы
| Баға | Бағдарлама басталу күні | |
|---|---|---|
| Қазақстандық студенттер үшін ақы | 16,000 АҚШ доллары жылына | 2026 жылғы қыркүйек |
| Халықаралық студенттер үшін ақы | 18,000 АҚШ доллары жылына | 2026 жылғы қыркүйек |
Қабылдау талаптары
Үш жылдық бакалавриат бағдарламасына түсу үшін талап етіледі:
- A-level: BBB бағалары
- GCSE математикасы: B/6 бағасы
- ағылшын тілін меңгергеніңізді растайтын халықаралық сертификат ұсыну: IELTS тестінен жалпы балл кемінде 6.5, әр компонент бойынша 5.5-ден төмен болмауы қажет, немесе TOEFL сияқты баламалы халықаралық сертификат немесе Кардифф Университеттегі ағылшын тілінен тест.
Көрсетілген талаптар Ұлыбританияның GCSE және A-level жүйесіне негізделгеню Осы деңгейге теңестірілгенбаламалы біліктіліктер де қарастырылады.
Модульдер
Бірінші курс (60 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Қоғам және экономика | 10 ECTS |
| Операциялар менеджменті | 5 ECTS |
| Бухгалтерлік есепке кіріспе | 10 ECTS |
| Менеджмент: теория және дәлелдер | 10 ECTS |
| Маркетинг | 10 ECTS |
| Ұйымдардағы адамдар | 10 ECTS |
| Технология және сандық дәуір | 5 ECTS |
Екінші курс (60 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Ұйымдарды басқару және көшбасшылықтағы қиындықтар | 10 ECTS |
| Операцияларды тиімді басқару | 10 ECTS |
| Қаржылық және көрсеткіштерді басқару | 10 ECTS |
| Маркетинг және стратегия | 10 ECTS |
| Адамдарды басқару | 10 ECTS |
Қосымша модульдер (10 ECTS таңдау):
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Жоба менеджменті | 10 ECTS |
| Сатып алу және жеткізу тізбегін басқару | 10 ECTS |
| Халықаралық менеджмент | 10 ECTS |
Үшінші курс (60 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Қазіргі заман менеджерлеріне арналған сындарлы көзқарастар | 10 ECTS |
| Стратегиялық менеджмент | 10 ECTS |
Қосымша модульдер (40 ECTS таңдау):
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Халықаралық бизнес | 10 ECTS |
| Халықаралық кадрларды басқару | 10 ECTS |
| Қызметтер маркетингі | 10 ECTS |
| Стратегиялық жеткізушілерді жауапкершілікпен басқару | 10 ECTS |
| Сандық дәуірдегі логистика | 10 ECTS |
| Криминалистика | 10 ECTS |
| Менеджмент ғылымында модельдеу | 10 ECTS |
| Зерттеу деректерін талдау | 10 ECTS |
Өтініш беру
Cardiff University Kazakhstan бизнес басқару (BSc) бағдарламасына өтініш беріңіз:
Қабылдау комиссиямыз барлық сұрақтарыңыз бойынша көмек көрсетуге дайын. Өтініміңізді жіберукезінде көмек қажет болса, бізге мына электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз: admissionskz@cardiff.edu.kz.