BEng Civil Engineering (Азаматтық құрылыс)
Бұл бакалавриат бағдарламасы студенттерге кәсіби азаматтық инженер болу үшін қажетті теориялық білімді, практикалық дағдыларды және нақты тәжірибені ұсынады.
Бағдарлама туралы шолу
Азаматтық инженерлер – біздің күнделікті өмірімізді қалыптастыратын кеңістіктер мен инфрақұрылымдарды жобалайтын, салатын және ұстап тұратын мамандар. Олар ғимараттар мен құрылыстардың, жолдардың, теміржолдардың, көпірлердің, су жүйелері мен кәріз желілерінің құрылысында және күтімінде маңызды рөл атқарады.
Зертханалық сабақтар, далалық сапарлар, жеке жобалар және жобалау сабағы арқылы студенттер дәрістер мен семинарларда алған білімдерін тәжірибе арқылы бекітіп, өлшеу және жобалау саласындағы практикалық дағдыларын дамытады.
Студенттер нақты өмірден алынған инженерлік мәселелер мен өндірістік жағдайлардан таңдау жасап, солармен жеке немесе командалық түрде жұмыс істейді. Топпен жұмыс істеу инженерлік команда ішіндегі қарым-қатынасты бейнелейді және командалық жұмыс, жобаны басқару мен кәсіби коммуникация сияқты маңызды дағдыларды дамытуға көмектеседі.
Оқу ақысы
| Fee | Бағдарлама басталуы | |
|---|---|---|
| Қазақстандық студенттер үшін ақы | Жылына 16 000 АҚШ доллары | 2026 жылғы қыркүйек |
| Халықаралық студенттер үшін ақы | Жылына 18 000 АҚШ доллары | 2026 жылғы қыркүйек |
Қабылдау талаптары
Үш жылдық бакалавриат бағдарламасына түсу үшін талап етіледі:
- A-level: BBC бағалары, A-level математикасы: B бағасы
- ағылшын тілін меңгергеніңізді растайтын халықаралық сертификат ұсыну: IELTS тестінен жалпы балл кемінде 6.5, әр компонент бойынша 5.5-ден төмен болмауы қажет, немесе TOEFL сияқты баламалы халықаралық сертификат немесе Кардифф Университеттегі ағылшын тілінен тест.
Көрсетілген талаптар Ұлыбританияның A-level жүйесіне негізделгеню Осы деңгейге теңестірілгенбаламалы біліктіліктер де қарастырылады.
Модульдер
Бірінші курс (60 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Инженерлік математика және есептеу | 20 ECTS |
| Азаматтық инженерия негіздері | 20 ECTS |
| Қолданбалы жобалау және практика | 20 ECTS |
Екінші курс (60 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Инженерлік талдау | 10 ECTS |
| Ғимарат моделдеу | 5 ECTS |
| Гидравлика және топырақ механикасы | 10 ECTS |
| Құрылымдық талдау және жобалау теориясы | 15 ECTS |
| Тұрақты азаматтық инженерлік жобалау және практика | 15 ECTS |
| Қоршаған ортаны инженериясы | 5 ECTS |
Үшінші курс (60 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Құрылыс және құрылыс менеджменті | 5 ECTS |
| Құрылымдық талдау | 5 ECTS |
| Су инженериясы | 5 ECTS |
| Геотехникалық инженерия | 5 ECTS |
| Құрылымдық жобалау зерттеулері | 5 ECTS |
| Азаматтық инженерия жобасы | 5 ECTS |
| Жоба | 15 ECTS |
Қосымша модульдер
Үшінші курс жылында студенттер 15 ECTS кредитті төмендегідей қосымша модульдерден таңдайды:
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Бетон материалдары және құрылымдар | 5 ECTS |
| Толық масштабтағы инженерлік мәселелерге арналған шекті элементтер әдісі | 5 ECTS |
| Қоршаған ортаның геотехникасы | 5 ECTS |
| Қоршаған ортаның гидравликасы | 5 ECTS |
Өтініш беру
Қазақстандағы Кардифф университетінде құрылыс инженериясы (BEng) бағдарламасына өтініш беріңіз:
Қабылдау комиссиямыз барлық сұрақтарыңыз бойынша көмек көрсетуге дайын. Өтініміңізді жіберукезінде көмек қажет болса, бізге мына электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз: admissionskz@cardiff.edu.kz