Гранттарды қайта бөлу

Cardiff University Kazakhstan бакалавриат бағдарламалары бойынша бос білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі конкурс жариялайды.

Конкурс келесі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес өткізіледі:

• 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
• Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығы «“Бакалавр” немесе “магистр” дәрежесін беру арқылы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ақысын төлеуге арналған білім беру грантын тағайындау қағидаларын бекіту туралы» (4-тарау).

Конкурсқа ақылы негізде білім алып жатқан университет студенттері қатыса алады.

Қатысуға құқылы үміткерлер

Конкурсқа Cardiff University Kazakhstan университетінің ақылы негізде білім алып жатқан қазіргі студенттері қатыса алады. Осы Қағидалармен танысуды сұраймыз.

Азаматтық құрылыс (Civil Engineering) білім беру бағдарламасында оқитын студенттерге басымдық берілетінін назарларыңызға саламыз. Алайда, аталған бағдарлама бойынша талаптарға сай үміткерлер болмаған жағдайда, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес бос грант Cardiff University Kazakhstan университетінің ақылы негізде оқитын басқа студенттеріне бөлінуі мүмкін.

Грант тек Азаматтық құрылыс (Civil Engineering) білім беру бағдарламасына ғана арналғанын хабарлаймыз.

Іріктеу критерийлері

Іріктеудің негізгі критерийі — академиялық үлгерім, ол орташа балл (cumulative average grade) негізінде айқындалады. 

Академиялық көрсеткіштері тең болған жағдайда, басымдық бекітілген Қағидаларға 4-тармағына сәйкес, оның ішінде сабаққа қатысу көрсеткіші ескеріле отырып беріледі.

Өтінім беру және қарау тәртібі 

  1. Байқауға қатысу және гранттық қаржыландыруға ауысу туралы Басқарма Төрағасы – Провосттың атына өтініш беріңіз, және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырыңыз. Өтініш нысаны VLE/Learning Central жүйесінде қолжетімді.
  2. Өтініштер Академиялық кеңес және/немесе Университет Басқармасы отырысында қаралады.
  3. Мақұлданған құжаттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне түпкілікті шешім қабылдау үшін жолданады.

Қолжетімді бос грант

• Бағдарлама: 6B07301 Civil Engineering (Азаматтық құрылыс)
• Курс: 1-курс
• Орын саны: 1
• Түрі: стандартты білім беру гранты
• Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 26 қаңтарды қоса алғанда

Міндетті еңбек өтеу туралы маңызды ақпарат: Грант иегерлері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес, алынған мамандық бойынша кемінде 3 жыл міндетті түрде жұмыс істеуге міндетті.

Нәтижелер Министрліктің шешімінен кейін жарияланады.

Сұрақтар бойынша Student Hub-қа хабарласыңыз:

📧 KZstudenthub@cardiff.ac.uk

Заңды мәтінді қарау