BSc Exploration Geology (Барлау геологиясы ғылымының бакалавры)
Жердің табиғи ресурстарды қалай қалыптастырғанын және болашақ қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды қалай барлауға болатынын зерттеңіз.
Бағдарлама туралы жалпы мәлімет
Адамдар ғасырлар бойы металдар, минералдар, мұнай мен газ сияқты Жердің табиғи ресурстарын қалалар мен елді мекендер салу, үйлерімізді жарықтандыру және біз күнделікті қолданатын көліктерді, құрылғыларды, құрал-саймандарды жасау үшін пайдаланып келеді. Бүгінгі таңда жаңа ресурстарды табу қиындай түсті, сондықтан оларды жауапкершілікпен іздеу және игеру үшін арнайы дағдылар мен технологиялар қажет.
Геология және пайдалы қазбаларды барлау (BSc) бағдарламасы аясында сіз мәліметтерді талдау, сенімді шешім қабылдау және жер үсті мен жер асты жұмыстарын жүргізу дағдыларын меңгересіз. Мамандырылған барлау модульдері мен практикалық сабақтар арқылы студенттер минералдарды сипаттау әдістерін үйреніп, сала мамандары қолданатын заманауи бағдарламалар мен деректермен жұмыс істейді.
Барлық студенттер пайдалы қазбаларды барлау саласына әсер ететін экологиялық, әлеуметтік және басқару факторларымен танысады. Сондай-ақ, олар тұрақтылыққа бағытталған элективті пәндерді – мысалы, табиғи қауіптерге төзімділік пен экологиялық геология сияқты модульдерді таңдай алады.
Оқу ақысы
| Алым | Бағдарлама басталуы | |
|---|---|---|
| Fee for Kazakhstani students | Жылына 16,000 АҚШ доллары | Қыркүйек 2026 |
| Fee for international students | Жылына 18,000 АҚШ доллары | Қыркүйек 2026 |
Қабылдау талаптары
Үш жылдық бакалавриат бағдарламасына түсу үшін талап етіледі:
- A-level: BBC (жаратылыстану бағытындағы 1 пән), немесе BCC (жаратылыстану бағытындағы 2 пән)
- GCSE математикасы: C/4 бағасы
- ағылшын тілін меңгергеніңізді растайтын халықаралық сертификат ұсыну: IELTS тестінен жалпы балл кемінде 6.5, әр компонент бойынша 5.5-ден төмен болмауы қажет, немесе TOEFL сияқты баламалы халықаралық сертификат немесе Кардифф Университеттегі ағылшын тілінен тест.
Көрсетілген талаптар Ұлыбританияның GCSE және A-level жүйесіне негізделгеню Осы деңгейге теңестірілгенбаламалы біліктіліктер де қарастырылады.
Модульдер
Бірінші курс (60 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Динамикалық орта әлемі | 10 ECTS |
| Жер планетасын зерттеу | 10 ECTS |
| Геоақпараттық жүйелер, карталар және аналитикалық дағдылар | 10 ECTS |
| Жер туралы далалық зерттеу | 10 ECTS |
| Жер материалдары | 10 ECTS |
| Өмір мен Жердің тарихы | 10 ECTS |
Екінші курс (60 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Қолданбалы геологиялық далалық жұмыс, деректерді талдау және кәсіби дағдылар | 20 ECTS |
| Шөгінді жыныстар фациялары мен ортасы | 10 ECTS |
| Петрология және вулканология | 10 ECTS |
| Құрылымдық геология және геофизикалық зерттеу | 10 ECTS |
| Қолданбалы экологиялық және ресурс геологиясы | 10 ECTS |
Үшінші курс (60 ECTS)
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Минералды кен орындарын барлау және бағалау | 10 ECTS |
| Пайдалы қазбаларды барлау бойынша дипломдық жоба | 20 ECTS |
Таңдау модульдері
Үшінші курста студенттер төмендегі модульдер арасынан 30 ECTS көлемінде таңдау жасайды:
| Модуль атауы | Кредиттер |
|---|---|
| Жетілдірілген экологиялық геология | 10 ECTS |
| Мұнай, геоэнергетика және ойпаттарды талдау | 10 ECTS |
| Озық петрология және геохимия | 10 ECTS |
| Геодинамика | 5 ECTS |
| Қауіптер, тәуекел және тұрақтылық | 5 ECTS |
Өтініш беру
Қазақстандағы Кардифф университетінде Геология және пайдалы қазбаларды барлау (BSc) бағдарламасына өтініш беріңіз:
Қабылдау комиссиямыз барлық сұрақтарыңыз бойынша көмек көрсетуге дайын. Өтініміңізді жіберукезінде көмек қажет болса, бізге мына электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз: admissionskz@cardiff.edu.kz.