Қолжетімділік туралы мәлімдеме
Cardiff University Kazakhstan өз веб-сайттарының қолжетімді болуын қамтамасыз етуге міндеттенеді және бұл жұмыс Мемлекеттік органдардың (веб-сайттар мен мобильді қосымшалар) (№2) қолжетімділік туралы ережелеріне, 2018 ж. сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл мәлімдеме Cardiff University Kazakhstan кампусының ресми веб-сайтына — www.cardiff.edu.kz қатысты.
Платформаны Cardiff University және Cardiff University Kazakhstan басқарады.
Сәйкестік мәртебесі
Бұл веб-сайт үшінші тарап серіктесі тарапынан Веб-контенттің қолжетімділік жөніндегі нұсқаулығының (WCAG) 2.1-нұсқасына және AA деңгейіне сай етіп, Ұлыбритания үкіметінің талаптарына сәйкес әзірленді.
Біздің мақсат — мүмкіндігінше көп адам сайтты қиындықсыз және кемсітусіз пайдалана алуы. Бұл дегеніміз, сіз:
- веб-сайттың көп бөлігін тек пернетақта арқылы шарлай аласыз;
- пернетақта навигациясы арқылы негізгі мазмұнға бірден өте аласыз;
- дауыспен басқару бағдарламалары арқылы сайтты пайдалана аласыз;
- экран оқитын құрылғыларды (screen reader) қолдана аласыз;
- әртүрлі құрылғылар арқылы сайтқа кіре аласыз.
Қазақстан Республикасы қауіпсіз әрі инклюзивті цифрлық инфрақұрылым қалыптастыруды жалғастырып жатқандықтан, ел ішінде заңмен реттелетін жаңа ережелер мен нормативтер пайда болуы мүмкін. Олар Ұлыбританияда қолданылатын талаптардан өзгеше болуы ықтимал.
Cardiff University Kazakhstan Қазақстандағы мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтаса отырып, өз веб-сайттары мен қосымшаларының жаңадан енгізілетін цифрлық қолжетімділік талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
Бағалау тәсілі
Cardiff University Kazakhstan веб-сайттың қолжетімділігін келесі әдістер арқылы бағалайды:
- Ішкі өзіндік бағалау;
- Автоматтандырылған тестілеу құралдарын пайдалану.
Техникалық сипаттамалар
Cardiff University Kazakhstan веб-сайтының қолжетімділігі төмендегі технологияларға сүйенеді, олар сіздің браузеріңізбен және көмекші бағдарламалық жасақтамалармен үйлесімді жұмыс істейді:
- HTML
- WAI-ARIA
- CSS
- JavaScript
Кері байланыс және байланыс деректері
Егер сіз қолжетімділік талаптарының бұзылғанын байқасаңыз, хабарласыңыз: web@cardiff.ac.uk
Қолданылу тәртібі
Теңдік және адам құқықтары жөніндегі комиссия (EHRC) 2018 жылғы Мемлекеттік органдардың (веб-сайттар мен мобильді қосымшалар) (№2) қолжетімділік туралы ережелерінің орындалуын қадағалайды.
Егер біздің жауап сізді қанағаттандырмаса, Теңдік бойынша кеңес беру және қолдау қызметіне (EASS) хабарласуға болады.
Күні
Бұл мәлімдеме 2025 жылғы 28 тамызда жасалды және соңғы рет 2025 жылғы 28 тамызда жаңартылды.